"Өркен" балабақшасы 2022 жылдың 15 желтоқсан айында қызметтің басталуы туралы хабарламаны алғаннан кейін өз жұмысын бастаған.
Балабақшаның басты мақсаты – адамгершілік қасиеттерді дамытып, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, мектепке дейінгі жастағы балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасау, олардың физикалық, интеллектуалдық, әлеуметтік және эмоционалдық дамуын қамтамасыз ету.
Балабақша ішіне саяхаттаңыз!
Үйірмелер
Интеллектум
Интеллектум - балалар мен ересектерге арналған зияткерлік (интеллектуалдық) дамыту бағдарламалары мен ойындарын ұсынатын әдістеме. Ол логикалық ойлауды, есте сақтау қабілетін, зейінді және шығармашылық дағдыларды дамытуға бағытталған.
1
Құм терапиясы
Бұл әдіс – баланың эмоционалдық, психологиялық және шығармашылық дамуына көмектесетін ерекше әдіс. Ол құммен жұмыс жасау арқылы ішкі сезімдерді білдіруге және стрессті жеңілдетуге бағытталған.
2
Хореография
Хореография – бұл би өнерін жасау және қою әдісі, яғни түрлі би қимылдары мен композицияларын үйлестіру. Ол баланың физикалық, эмоционалдық және шығармашылық дамуына ықпал етеді.
3
Футбол
Футбол жаттығулары - денсаулықты нығайтып, олардың спортқа деген сүйіспеншілігін арттырады. Балалар футболы ойын түрінде өткізіліп, техникалық және тактикалық дағдыларды дамытуға бағытталады. Футбол – тек спорт емес, ол достық пен ынтымақтастықтың символы!
4
Логопед
Логопед – дыбыстарды дұрыс айтуға, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, тілдік дамуды жақсартуға бағытталған түзету жұмыстарын жүргізеді.Логопедтің көмегі баланың сөйлеуін жақсартып, оның өзін-өзі сенімді сезінуіне ықпал етеді.
5
Музыка
Музыка – баланың жан-жақты дамуын, ақыл-ойын, эмоциясын, шығармашылық қабілетін және әлеуметтік дағдыларын жетілдіреді.адамның жан дүниесін байытатын және өмірін жарқын ететін ерекше өнер!
6
Ас мәзірі
Біздің мәзір балалар диетологтарының ұсыныстарын ескере отырып және мектеп жасына дейінгі балалардың тамақтану нормаларына сәйкес жасалған. Толығырақ төмендегі сілтемені басу арқылы таныса аласыздар.